Өлеңдер ✍️

  24.07.2022
  86


Автор: Төлеген Жанғалиев

Ақ төбет

Ақ төбеттің ата-тегі мықты еді,
Жуынды емес, сорпа суан ішкені.
Боқ мұжымай сүйек-саяқ кеміріп,
Болат құсап қайралатын тістері.
Арсылынан арыстан да қаймыққан,
Жанына да жуй алмас жаулыққан.
Ауылдағы ит, даладағы бөрілер,
Қарсыласса қаңқылдасып, қан құсқан.
Сырттан еді, мықты-ақ еді шіркінің,
Талайлардың танытатын түйтегін.
Қора емес қорғағаны – бар ауыл,
Бар ауыл деп ұғатұғын үйшігін.
...Текті кетті бір-ақ күнде жоғалып,
Ауыл қалды айбатынан тоналып.
Қаңғыбас ит қаптап шықты көшеге,
Сыртта жүрсе кететіндей жау алып.
Бірақ күнде ғайып болды тектілік,
Қасқырлардың ұлуы да естіліп.
«Аң патшасы-арыстанның ісі ғой
Ақ төбеттің көзін құртқан» десті жұрт...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу