Өлеңдер ✍️

  23.07.2022
  360


Автор: Аралбай Оңғарбекұлы‎

ШЫҒАРЫП БЕРГЕН ЖОҚТАУЫ

Қонақ бір қонса, «қон» деген,
«Қой семізін сой» деген.
«Қой семіз емес, мен семіз,
Ықыласқа той» деген.
Ту биесін сойдырып,
Тәрбиесін жұрттан асырған.
Со секілді Әтекем,
Бес бел топырақ жүзін жасырған.
Белең-белең, белең ат,
Белі бір қайқы күрең ат,
Жібек бір арқан жошындым
Елдің бір кетті-ау шемінен,
Әлеуметтің жөнінен.
Әтекем біздің кеткесін,
Тірілей бәсім кеміген.
Біреудің несін бар дейін,
Біреуі өлсе, кеміген.
Әтекем көші айырылды
Ағайын-тума, теңінен.
Әтекемді жоқтамай,
Қалай да көңіл басылсын?!
Алдынан Алла жарылқап,
Сегіз жұмақ ашылсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу