Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  583


Автор: Манарбек Ержанов

АРАЛ ТЕҢІЗІ

Теңіз, теңіз, төсінде еркеледім,
Ойым – қайық, бір өзің желкен едің.
Алыстарға ұзатып қалдың қарап,
Алыстарға қол жайып кете бердім.
Сағынышым – Аралым, – асқақ арман,
Аямадың өрлікті жас балаңнан.
Құшағыңнан мен мəңгі ұзамаспын,
Құшақ жайып қарсы алса достар алдан.
Арал, Арал, аңқылдап келдім əнмен,
Айғайлаймын жеткенше мендік дəрмен.
Əнім қалсын төсіңде мəңгі бақи
Бірге жүрсін кейінгі балалармен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу