Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  409


Автор: Манарбек Ержанов

БЕСІК ЖЫРЫ

Тамылжыған түн мынау,
Тəтті рақат көңіл жай.
Ұйықтады ауыл, сай-сала,
Жан-жануар, аспанда – ай.
Отыр анаң басыңда,
Тербеп сені қалқатай, қалқатай,
Не тілесең қасыңда,
Ұйықта сəулем, əлди-ай, əлди-ай!
Қайырмасы:
Бөбегім,
Медеуім,
Қалқажан.
Балдырған,
Құлыншағым,
Жан балам.
Ержеткенде адал боп,
Қорға, туған еліңді.
Қаруланып ғылыммен,
Гүлге бөле жеріңді.
Нұр ойнаған көзіңде
Жайнаңдаған кезіңде, кезіңде
Дариядан шалқытып,
Мəпелеймін өзіңді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу