Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  416


Автор: Сергей Есенин

Аға көрме!

Аға көрме! Иә, жұлдызым, жоғары!
Салқын сәулең тінтсін түннің тылсымын.
Қабірстан шарбағынан сәл әрі
Жан естімес тірі жүрек дүрсілін.
Сүмбіледе сәуле сеуіп соңғы сәт,
Кәрі сұлу құлаққа ілген сырғадай;
Жым-жырт жатқан күллі алапқа белгі сап,
Дірілдейсің сынық қанат тырнадай.
Түргелуге жетіп сонда дәрменім,
Қараймын кеп өңсіз тауға, қайыңға.
Естимін мен салған әнді әлдегім,
Атамекен, бабакүлдік жайында.
Сарқылардай қайың сөлі – қаны шын,
Таусылардай жапырақтар желге ұшып,
Сүйіп, талақ қылғаны үшін – бәрі үшін,
Бейшаралар жылап жатыр жер құшып.
Қатысынсыз кісі өлтіргіш жалдаптың,
Білем, білем, келеді, әне, жақында –
Дәл жанында қаралы бір шарбақтың
Жапырақ құсап жататын күн ақынға.
Әлсіз жалын жана-жана ақыры,
Кетеді ертең күлге айналып жүрегім.
Құрдастарым сұрғылт тасқа қатырып,
Көңілді өлең жазатынын білемін.
Бірақ жұртты өз қайғысы өртесін,
Өзіме арнап жазған қаза-нама бұл:
Сүйді ол туған Отаны мен өлкесін,
Маскүнемдер қалай сүйсе кабагын.
1925 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу