Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  57


Автор: Баян Тіленшина

Тұрар аға

Алаштың сом тұлғасы –Тұрар аға,
Желпіген азат туын ұран аға!
Жүрегім жүрегіңнен жылу алып,
Тулатқан намыс –толқын, ұран аға!
Қайырмасы:
Туған елдің бұлағымыз,
Бірге лаулар шырағымыз.
Әділеттікке ұран аға, Тұрар аға, Тұран аға!
Егемендік – тұрағымыз.
Өр қыраны паң даланың,
Гималайға самғағаным!
«Елім- елім!» деп соққан жүрек,
құрыш білек, каусар тілек!
Өзің менің арман –әнім.
Жаһандық ғаламында көк жұлдызым,
Көңілін саған жалғар шоқ ұл-қызың,
Адами махаббатпен, мархабатпен,
Көгілдір сәуле сеуіп сен тұрмысың?!
Қайырмасы
Айтулы азаматы алты алаштың,
Әлемдік көсемдермен нұр таластың,
Сун- Ят –Сен, Ататүрік, Неру сынды,
Санаттар заңғарынан бір тарастың.
Қайырмасы
Тұранның туы болған қайраттарым,
Жаныма батты зауал жайратқаны,
Жаһандық ғаламдану заманында,
Жол ашып болашаққа айғақталдың.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу