Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  92


Автор: Баян Тіленшина

САЙРАМ – ЕЛІМ

Жәннәті жетісудың Сайрам-елім,
Киелі, сансыз бапты қайран елім.
Мекені Иассауи мен Сайрамидің,
Табынтқан Түркі елін айдарлы елім.
Қайырмасы:
Киелі Сайрамым,
Қасиет – айғағың.
Бір көрген сағынған,
Көркіңнен айналдым.
Мәртөбең әділеттің туын тікті,
Бірлік пен желбіретті туырлықты.
Көз әулие, Көлкен ата, мың-сан бұлақ,
Ел дертін емдейді екен суың тіпті.
Қайырмасы
Жоңғар- жау орда тіккен Көмешбұлақ,
Көзіндей ару қыздың тұрған жылап.
Алмастай жалт-жұлт еткен қырық бір көл –
Секілді Ай сынығы түскен құлап.
Қайырмасы
Қай мекен бұл Сайраммен таласасың?!
Анасы Иассауидің – Қарашашың,
Атасы - Ибрайым да тұрақ тепкен!
Түркістан, Сайрам -елге балашасың.
Қайырмасы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу