Өлеңдер ✍️

  20.07.2022
  114


Автор: Артюр Рембо

Алтын ғасыр

 Тыныштық.
Мән, міне,
Періште үн.
Пәк түн.
Бау.
Мен жайлы әңгіме
Шықты сәл қатқылдау.
Сұрақтың шеті жоқ,
Күмән көп

дос айғақ.
Тұр бұған көкірек
Жынданып,
масайрап.
Шық шаттық шыңына,
Салтанат
– дарияң.
Шомылған нұрына
Бұл сенің жанұяң!
Шаттық пен Жарықтың
Бастады ол әндерін.
Көрінді ол анық тым,
Жетті әнге дәрменім.
Шық шаттық шыңына,
Салтанат
– дарияң.
Шомылған нұрына
Бұл сенің жанұяң!.. т.с.с...
Тыныштық.
Енді әйгі
Періште үн тіл қатар,

– Әңгіме
, ал мен жайлы,

Естілед тым қатал.
Ән салды ол сәлден соң,
Үнде тұр күш барлық.
Немісше мәннен сол
Еседі құштарлық.
Күнәһар
– жер беті,
Таңғалар не бар шын?

 Қайғының жендеті
Әрірек жоғалсын.
О Жарық Қамалы!
Қасиет басқарып,
Сан ғасыр сен әлі
Құрасың патшалық. т.с.с...
Киелі Үн!
Көңілімді
Бұзбасын кек, қаза.
Толтыршы өмірімді
Даңққа тап-таза!.. т.с.с...
(Июнь 1872)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу