19.07.2022
  3537


Автор: Баян Тіленшина

ҚАЙЫРБЕК ШОШАНҰЛЫНА

Бүгінгі жеткен 60-ың,
Бауырым, сенің талтүсің.
Берсінші тағдыр сыйымен,
Дәл осындай жартысын.
Қасиет сүйер халқыңа,
Қастерлі болған нар мүсін.
Үш мүшел бұрын мамырда,
Қайысқан жан мен қабырға
Жан анаң кетіп келмеске,
Нәр берген жігер, сабырға.
Нәзира анаң өмірін,
Қосты екен деп қабылда.
Қиындық көрдің – шынықтың,
Кәусарды тағы тұныттың.
Жүрекпен көріп үйрендің,
Ар жағын жабық құлыптың.
Ларисамен жұптасып,
Жалғыздық дертін ұмыттың.
Өсіп-өндің бүрледің,
Жігердің отын үрледің.
Отан-анаң күш беріп,
Алаулап күн мен түндерің.
Нұрыңды шаштың халқыңа,
Бекерге өмір сүрмедің.
Түндігі түннің түрілді,
Көбейтті тағдыр нұрыңды.
Өміріңе жалғапты,
Рустамдай рухты бір ұлды.
Қалдырған бір гүл ізіне,
Естейміз біз тай-бурылды.
Тимур мен Жанар сән құрды,
Нәзира мамаң жаңғырды.
Сұлтан, Дария, Мәриям,
Ұл-қызың өсті сан қырлы,
Шошан атам ұрпағы,
Шалқытты бүгін таң нұрды.
Гүлденді басқан іздерің,
Жемісті болды күздерің.
Оты жанған жүректен,
Иманды болды жүздерің.
Мың жаса әрбір ісіңмен,
Жүз жылдай болсын жүз демің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу