19.07.2022
  99


Автор: Баян Тіленшина

МАГИДА МЕН СҰҢҚАР – МӘДИДІҢ ТОЙЫНА ШАШУ


Жарасар қай бейнеге теңесем мен,
Айналдым алтын жүрек жеңешемнен.
Қанатты періштедей пейіліңе,
Хор қызы қарайды ма терезеңнен?!
Ұлылық деген ұғым – кішілік деп,
Бар әйел үйренбейді неге сенен?!
Тіленші би рухынан жаралдың ба?
Әулетке аруана боп оралдың ба?
Осылай жап-жас болып жүргендігің,
Қыздарды сыйлағаннан жоралғыңда.
Таранған 60-ында тоты көрдім,
Тоты боп жүре берші ел алдында.
Магида, Галя, кейде Майда дейміз,
Өзіңдей қазақ-келін қайда дейміз.
Жасайсың жоқтан барды, бардан-жұмақ,
Барын да ұқсатпайды-ау олақ кей қыз.
Жетсең де асқар жасқа келіндейсің,
Паспортта айтылған жас жай ма дейміз.
Дана мен Жанна, Сұңғат, Армандарың,
Бүгіннен ертеңгіге жалғанғаның.
Кешегі Қайбар көкем, Сұңқар ұлың,
Айғақтар бұл фәнидің жалғандығын.
Мәлік пен Диас, Мәди, Ғалымжаның,
Жасасын қиял күннің қалғандарын.
Жыр-шашу шаштым тойға мөлдіреген,
Жұғысты болсын көңіл желбіреген.
Мың жаса аясында ұрпағыңның,
Лұқпанның саз өмірін мен тілегем.
Сібірдің балмұздағы, бал жеңешем,
Әже боп аппақ шашы селдіреген.
Ат жалын Мәди тартты, сүрінбесін,
Тұлпардың шайқалғаны білінбесін.
Ләйім ұлылардың рухы қолдап,
Мұхтардай дара ақынның үнін берсін.
Тек қана Тіленшиндердің баласы емес,
Таласып бүкіл қазақ ұлым десін.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу