Өлеңдер ✍️

  19.07.2022
  100


Автор: Майлықожа Сұлтанқожаұлы

БАЛУАН ШОЛАҚТЫҢ ЖЕТІСУҒА КЕЛГЕНДЕ, ҚАЛИДЫҢ ҮЙІНДЕ ОТЫРЫП АЙТҚАНЫ:

Жастықта ұрынбай ма жігіт дауға,
Қыла ма даудан бірақ басын сауға.
Жетісу жемісің мол, ағаш едің,
Бұтаңа келдім аз күн қонақтауға, – деген екен.
Саңғыл Құлыншақ ақын:
Əр істің Құдай берсін жақсылығын,
Жалғанның кім көрмеді тапшылығын.
Өлмесе ата-бабаң қайда кетті,
Солардың іздегенмен тапшы бірін.
Майлықожа айтыпты:
Əуелеп ұзақ ұшар тобыменен,
Бауырлап ұшар тұйғын тобыменен.
Болғанда ұзақ көкте, тұйғын пəсте,
Бірден ме мəртебесі соныменен.
Молда Мұса айтыпты:
Біреудің аспандап тұр мəртебесі,
Біреудің кеулі аспанда, жерде басы.
Пəс тұтып пəс адамды мият қылма,
Парқы бар аспан жерше екі арасы.
Сөз саптауына қарағанда, Балуан Шолақ Жетісуға бір қиыншылықпен келгенге ұқсайды. Құлыншақ, Майлықожа, Молда Мұса ақындар Балуанның көңілін көтеріп, Сіз қай жерде болсаңыз да өз биігіңіздесіз. Өсек айтып, артыңызды шулатқан тобыр Сіздің тобығыңызға да келмейді деп көңілін көтеріп қошемет етіп отыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу