Өлеңдер ✍️

  19.07.2022
  149


Автор: Майлықожа Сұлтанқожаұлы

МАЙЛЫҚОЖА МЕН 95-КЕ КЕЛГЕН ШАЙЫР

Майлықожа өзбек мақамымен:
Бір ғажап сөзді башлайман,
Мəдəт тілеп пірлəрдан.
Азбай адам айырылмас,
Утан қып жүрген жерлəрдəн.
Мүсəпір болган күніміз,
Ауып кеп түсті жолымыз
Жолдас боп жүрген кезлəрдан.
Қарт шайыр:
Тұр орныңнан болды Ярлық Сүбіһ дəм,
Көксі дағлы əр кимда болса бұл іс əм.
Арман мінəн əнің өтер өмірі,
Бір шаһарда мүсəпір болса Үрістəм.
Майлықожа:
Қатанғы кəзір түнлəрім,
Сөйлегіл қызыл тіллəрім,
Айналып келер күнің жоқ
Ілгері өткен күнлəрім,
Өттің өмірім сəуірдай.
Сағындым өткен дəуірді-ай,
Айқай салып, ат шауып
Басар күн қайда əуірді-ай?!
Оман дария бойында
Бұлқынушы едік бұландай,
Жүген-құрық тимеген
Жұлқынушы едік құнандай,
Сырдан өтіп ұзаққа
Келіп қондың Жызаққа,
Салбырайды құлақтар
Есірік болған құландай
Жерінде əркім жекен-ді,
Тастап бір келдік мекенді,
Əркімлəр қуып ит қосар
Ауып бір келген бөкенге.
Дертіңе дертім жамалды,
Таба алмай қалдық амалды,
Сыздағы тұрған жабыға
Салмақтап ілдік сабанды,
Тағылар тамға қамалды,
Атым бар деме шабанды,
Жолдасым деме жаманды,
Оңласын Құдай заманды.
Жуан мылтық атса кетер ұзаққа,
Көзі тұнған лашын түсер дұзаққа.
Арыс-Бадам басын өрлей ұшқан құс
Пəлəкитам айлап түстің дұзаққа.
Зер масылар əр алуан шалқынар,
Жүгі ауыр нар өрге тартса алқынар.
Қаздың етін қатты деген сұңқарлар,
Қолға түссе дамыл таппай талпынар.
Адыр-адыр белдің көркі тас болар,
Бір паралар дəулетіне мас болар.
Кəрі өлсе ол Құданың қасы дей-дүр,
Жігіт өлсе бəлəнд таулур пəс болар.
Ер жігіттің бағы тайса басынан,
Нəмəрт досы дұшпандық ойлап қас болар.
Адыр-адыр белдің көркі болады,
Айта берсем менің жағым талады,
Ісенбесең кісі еліне барып көр,
Барған күні-ақ ықтиярыңды алады.
Адыр-адыр белдің көркі сай болар,
Бетегелі белде өзбек бай болар,
Кісі елінде шекер жесең зəһəрдай,
Өз еліңде талқан жесең, май болар.
Адыр-адыр белдің көркі жапырақ,
Адамзаттың əсілі болар топырақ.
Сенбесең кісі еліне барып көр,
Бір адамнан жейсің гүлфат-шапалақ.
Қарт шайыр:
Бұл бабаңның таусылмайды ғазалы,
Жылағандай жоғалтпадым мазаны.
Ғам жемегін, басыңды жерден көтергін,
Əр қай жерде ырызқың бар дүр əзəлі.
Ғам жемегін мақұл емес бұл ісің,
Ерте тұрып кешке дейін күлісің.
Нəсілің Сəйіт, өзің Хақтың құлысың,
Өлгеніңше жанығын дін исламның қылышын!
Майлықожа:
Толығынша көңіліне келмеген,
Сəһəр тұрып хақ зікірін демегəн.
Бұл ғазалдың мазасынан не білсін,
Мүсəпірлік гүлпəтіні жемегəн?!
Түнлəр тұрып шөлде атын сүрмəгəн,
Бұл ғазалдың мазасынан не білсін,
Мүсəпірлік көшесіне кірмəгəн?!
Қарт шайыр:
Падшам алғай Əмір-Темір тағыны,
Бабаң шеккен кəріліктің дағыны,
Сап беглерім көп сөйлетпе құрмет қыл.
Қарт бабаңның сақалының ағыны.
Кім біледі бұл дүниенің түбіні,
Бабаң шеккен кəріліктің мұңыны,
Қара нарың қайратынан қалған дүр,
Көтерер деп салма ауыр жүгіні!
Хакім Лұқпан келіп өткен мың жасқа,
Түрлі-түрлі дүниеде тіл басқа,
Һəй-һəй, дүние-ай, өз өнерім өзім бір ай тыңласам,
Он бестегі беріп қойың бір жасқа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу