Өлеңдер ✍️

  15.07.2022
  109


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Зиян шекпей кәпірлер...

Зиян шекпей кәпірлер,
Пайда көрмей мұсылман,
Олжа тапты жебірлер
Зекет, кеусен, құшырдан.
Болса ғалым қолбала,
Бай мен бастық күпінген.
Тіпті дүмше молдаға
Кіріс кірген пітірден.
Сауаты кем жан бағар
Жыртыс алып мәйіттен,
Қалды деумен қолда бар,
Күліп қайтар бейіттен.
Күйін, мейлі, күйінбе,
Дәмегөйлер дұғадан
Отыр әлі үйінде
Арыла алмай күнәдан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу