Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  64


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ымырт түсті, тағы да қас байланды...

Ымырт түсті, тағы да қас байланды,
Сағат тілі деймісің босқа айналды.
Балаларым ер жеткен уайым болып,
Ғашық жарым жанашыр досқа айналды.
Дос-жараннан қашан да көмек көп-ті,
Оларды да бұл жалған дедектетті.
Әрқайсының мақсаты, міндеті бар,
Туыстардың жолдары бөлек кетті.
Жігіт болдық кезінде жан қызығар,
Қалағанын алыстан алғыза алар.
Күн жақындап келе ме, кім біледі,
Алла алдына жалынып жалғыз барар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу