Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  99


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ауырса қиналатын кішкене еті...

Ауырса қиналатын кішкене еті,
Көрмеймін деген жерін үш көретін,
«Ол жақты көріп келген кім бар?» – деген
Қазақтың реті жоқ тістенетін.
Жүзіне аярлықты перде қылар,
Пенделер мансап қуған, шенге құмар,
Мешітке жол түспеген ақ киіммен
Шығарда жаназасы келгені бар.
Жарасар не десек те сүйген кезде,
Байқамай сөйлесек те күйген кезде,
Еріксіз еңкеймей ме тоңмойын да,
Өлгенде басы жерге тиген кезде.
Жалғанда не көрсең де төзгенің жөн,
Нышанын көрсетсе де көзге кілең,
Көзі жоқ көкірегінің адам ғана
Білмедім, ештеңені сезбедім дер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу