Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  58


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Алла адамға көрсетті жол даңғылын...

Алла адамға көрсетті жол даңғылын,
Тәлкегіне тастаған жоқ тағдырдың.
Ел көркейді теріп еңбек жемісін,
Жер көгерді суыменен жаңбырдың.
Бірақ, адам көрсе көзі тоймаған,
Хақтың сыйын өз мүлкім деп ойлаған.
«Дүнияда не көрдің?» – деп кемсіткен
Мұсылманды тура жолдан таймаған.
Тірлігінде бәрін жиып, қарманған,
Осы опасыз дүнияға алданған.
Табыт тесіп, қолын жайған Ескендір
Дәлелдеген бос қайтқанын жалғаннан.
Алтын аптап, күміс күптеп талайлар,
Жермен-жексен тастан салған сарайлар,
Сен де ендеше кеуде керме, ей, адам,
Кезің келді алды-артыңа қарайлар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу