Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  62


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Үлгіліден қалмайды ғой із бекер...

Үлгіліден қалмайды ғой із бекер,
Әдепті адам айта қоймас сөз бөтен.
Аздап қоссаң, астың дәмін келтірген
Тілдегі әзіл тамақтағы тұзбен тең.
Жақсы сөзге естіген жан семірер,
Көңілдері көмекейден көрінер.
Әзіл түбі зіл боп жатса, сол асты
Ешкім жемей, ысырап болып, төгілер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу