Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  82


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Адамға танытатын асқан жігер...

Адамға танытатын асқан жігер,
Әйтеуір, бір ерегес бастап жүрер,
Дейді жұрт: «Қолдан келсе, жарқыным-ау,
Аспанның бір бөлігін тастап жібер!»
Тұрғындар күнін кешсе өлмешінің,
Жасайды Жаратушы елге сынын.
Қара жер қақ айырылып кетсе-дағы,
Қолынан түк те келмес пендесінің.
Мән бермей келе жатқан ажалына,
Мәз болса ас түскенге қазанына,
Сол пенде қайтер еді қапелімде
Кез болса ұлы күннің азабына




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу