Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  70


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Пенделердің алуан түрлі тілегі...

Пенделердің алуан түрлі тілегі,
Кездеседі балықтың да сан түрі.
Бал ара мен көбелектер біледі,
Гүлдің иісі, шөптің түсі әртүрлі.
Әр адамның жарық күнді көргені,
Жауын суы, найзағайдың жарқылы,
Терезеге түскен аяз өрнегі,
Жауған қардың түйіршігі әртүрлі.
Саусақтардан түскен таңба секілді,
Жұмыртқаның жаралуы әртүрлі.
Жақсылыққа бұрған болсаң бетіңді,
Ақиқатты таны Алла арқылы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу