Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  107


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Айдары желбіреген күркетауық

Айдары желбіреген күркетауық
Жауыннан тығылса да күрке тауып,
Бағусыз өмір сүре алмайды ғой,
Іргеден төніп тұрса күнде қауіп.
Жүрген соң көбінесе орайы кеп,
«Жарайды!» деушілердің «қалайы?» жоқ.
Күтпесе өсімдік те қисық өсіп,
Бақпаса мал кетпей ме жабайы боп.
Тумайды жыр ұйқассыз, ән жүйесіз,
Қаншама бастамалар қалды иесіз.
Қорытынды бұдан шығар біреу ғана:
Адам да өсе алмайды тәрбиесіз..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу