Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  61


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бишара етіп байларды, бай қылатын сорлыны...

Бишара етіп байларды, бай қылатын сорлыны,
Жоқтан барды жасайтын – Жаратқанның жарлығы.
Таршылықта байқалып көңіліңнің кеңдігі,
Көрінеді кеңдікте пейіліңнің тарлығы.
Туған ай мен шыққан күн, жанған жұлдыз – барлығы,
Келген жан мен қайтқан жан – Жаратқанның жарлығы.
Жоқшылықта Құдайға жалбарынған адам көп,
Есіне алғын Алланы қолда бәрі бар күні




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу