Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  198


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Еске алып бірде, еске алмай кейде Құдайды...

Еске алып бірде, еске алмай кейде Құдайды,
Туралған еттей тауыстық тағы бір айды.
Бір күнім мәнсіз,
бір күнім сәнсіз болса да,
Тәубаға келген пендесі оған шыдайды.
Еске алып бірде, еске алмай кейде Құдайды,
Жүргеннің өзі көп жанға, бірақ, ұнайды.
Күпірлік қылмай,
шүкірлік қылсақ болғаны,
Көрдік қой аман жарқырап тұрған күн, айды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу