Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  142


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Шапанды көрсең – қазақы екен демеңіз...

Шапанды көрсең – қазақы екен демеңіз,
Сәлделі көрсең – ақылды екен демеңіз,
Ажырата алмай қараңғы менен жарықты,
Тек сөзін жаттап, танымай тұрса әліпті,
Көзіміз жетпей, соңына қалай ереміз?
Шаманы білмей, жатқанда жетпей өреміз,
Өңбесе ісі, сөзіне қалай сенеміз,
Керек пе мақтан көкірек тұрса басылып,
Керек пе киім абырой тұрса ашылып,
Керек пе тарақ жалтырап тұрса төбеңіз?
Қаншама күйіп-жанса да біздің денеміз,
Жалғандық жолмен шындыққа қалай келеміз.
Шағылып күнге жарқырап тұрған алтындай
Сананы жарық, кеудені иман толтырмай,
Қалмай ма қаңсып қайраңға барып кемеміз?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу