Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  62


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Өсиет

Әкемнің айтып кеткен өсиеті
Адамның екен нағыз қасиеті.
Өмірдің өттім талай сынағын да,
Сол сөздер күмбірлеп тұр құлағымда.
«Өзіңді шақырмаған жерге барма!»
«Біреуді жерден алып, жерге салма!»
«Іс жасап абыройсыз, сөзге қалма!»
«Тіленіп, қолың жайма өзге қолға!»
«Қаңғырып, қызық іздеп, кезбе болма!»
«Көз көрмей, естіп қалған сөзге нанба!»
«Абай бол! Дұшпан құрған түспе торға!»
«Кез келсең, айналып өт, қазған орға!»
«Кір-қоқыс толып тұрған жерге қонба!»
«Қайыр қыл бишараға жүрген зорға!»
Әуелі құлақ аспай сіресіп ем,
Кейіннен көрдім Құран сүресінен.
Әкеміз ақиқатты білген екен,
Жан сырын айтып маған жүрген екен.
Тілінің келген алған кәлимасы,
Сөзінің бәрі – Құран қағидасы.
Биікте тұрушы еді Құран-кәрім,
Неліктен?
Енді ғана ұқтым мәнін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу