Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  109


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Мүкамалға толы емес...

Мүкамалға толы емес,
Қора-қопсы, үй-малым.
Жүрегім мұз-тоң емес,
Бар байлығым – иманым.
Бұздым орда отызда,
Алға сүйреп амалым.
Қарсы жүріп от-мұзға,
Алынды нұр – қамалым.
Тазарттым да тәнді удан,
Жүрегіме жүгіндім.
Мұздатқан соң даң-думан,
Сүрелермен жылындым.
Жасқа шылап көзімді,
Толғандырды ой алдан.
Таптым, Аллаһ, өзіңді,
Құлым, деші оянған...
Қырықтағы шағымда,
Көңілде жоқ қара дақ.
Мұсылманның сабында,
Кеттім.
Алла, өзіңе аманат!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу