Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  71


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Ерім менің мойныма кете берді...

Ерім менің мойныма кете берді,
Көп көріп ем көктемде көтеремді.
Сүйеу көрмей сүреңсіз тіршілігім,
Бір жығылып, бір тұрып өте берді.
Қиындығы жоқтықтың қиындық па?
Онан да үлкен тап болдым құйын, жұтқа.
Сөз сүйектен өтуде қан қақсатып,
Кеткен сынды айналып миым құртқа.
Жат адамнан естісең жанданасың,
Жақынымнан кіріп жүр қарға басым.
Адамдарға жалтақтап не қылайын,
Жаратушы Бір Аллаһ қарғамасын!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу