Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  87


Автор: Аманғали Ербозұлы

ДИРИЖЕР

Қ.Қожанбаевқа
Айбатыңнан бұлтты аспан көшіп,
Киік–арман алдыңнан қашқан кесіп.
Дирижерлік тұғырда тұрсың, аға,
Әр әуеннің тағдырын бастан кешіп.
Келбетіңнен көрініп толқын ішкі,
Жанарыңда ойнайды өрті күшті.
Аккордтар мына бір неткен ауыр,
Қабағыңа қарау да қорқынышты.
Кенет, кенет қырандай дүр сілкініп,
Салада ойнақ оркестр–жыршың бүлік,
Мың құбылған әуендер ортасында,
Енді, міне, баладай тұрсың күліп.
Қоңыр әуен домбыра,күреңүнді,
Күйі көркем қозғайды жүрегіңді.
Оркестірдің алдына шыққан сайын
Өткересің басыңнан бір өмірді.
Құлдилайды биіктен бір ән барып,
Сол бір әннен сиқырлы сыр аңғарып.
Әбжыланға арбалған торғайдайын
Барлық әуен өзіңе тұр арбалып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу