Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  88


Автор: Аманғали Ербозұлы

Анам қайтқан кезде мен бестемін...

Анам қайтқан кезде мен бестемін,
Ана да- күн, мәңгілік сөнбес дедім.
Ауылдастар сипайды маңдайымнан,
Сезеді ішім, әйтсе де сенбес көңіл.
Сірі болар тастан да, сірә, жаным,
Қатып қалған шердейін жыламадым.
Ағыл-тегіл жылауым керек еді,
Талайымнан жөн оны сұрағаның.
Жоқ –өліммен еш айла арбасуға,
Өз тағдыры әркімнің бар басында.
Ешбіреуге қол жаймай өстік, өндік
Аға менен жеңгенің арқасында.
Не білемін, ол кезде баламын гой,
Ерте есейтті көтеріп талабым бой.
Алып келді ақындар ауылына
Өлең сүйген көңілге тән ағынды ой,
Көтеретін шығар-ау бақ мені де,
Шалқып шығам шабыттың қақ төріне.
Сүйінгенім, күйгенім бұл күндегі
Жыр боп түсіп жатады дәптеріме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу