Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  62


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Алладан басқа Құдай жоқ

Құдайдың бар екенін Мұса өз қауымына, Мұхамбет бүкіл
адамзатқа білдірді, танытты... Тек Құран негіздерінің тура
екендігіне сенемін. Бұл жол адамдарды бақытқа жетелеуші.
Наполеон Бонапарт
Өткен ғасырда философ Роже Гароди, хореограф Морис
Бежар, мұхит зерттеуші Жак-Ив Кусто мен хирург Морис
Бюкай Ислам дінін қабылдады, католик пірәдары Жан-Мари
Дюшемен Әбділмәжит деген арабша есім алып, тілін
кәлимаға келтірді.
БАҚ материалдарынан



Исламның парызы –
Мұсылманның міндеті.
Белгі болған әр ізі –
Пайғамбардың сүннеті.
Түзу жолдан шықпайды
Көкірегі шер кісі,
Айтқан сөзді ұқпайды
Түсінігі кем кісі.
Ләй-ла-ил-ла-ла!
Мұхамбет – расул алла!
Алладан басқа Құдай жоқ,
Мұхамбет – оның елшісі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу