Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  94


Автор: Жасұлан СЕРІК

...Төлеген болғым келмейді...

..Төлеген болғым келмейді,
Бекежан атып тастайтын.
Кебек те болғым келмейді,
Өлетін сорлап жастай тым.
Қозы да болғым келмейді,
Баянға Құдай қоспайтын.
Мәжнүн де болғым келмейді,
Сезімі құшақ ашпайтын.
Ессіз де болғым келмейді,
Ақ махаббатты ластайтын.
Бақытты болғым келеді,
Бақыты бастан қашпайтын.
Жарына деген сезімін,
Жаратқан өзі растайтын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу