Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  77


Автор: Жасұлан СЕРІК

Құлшылық

Таң алды...
Азаншы дауысын естідім,
Асфани симфония шығар – бұл.
Күнахар миымнан ескі мұң
Ертегі ойларды шығардым.
Шайтаным жылайды азғарған,
Періштем нұсқайды намазға.
Иманын нәпсісі тоздырған,
Менсіз де бейшара жан аз ба?
Көңілдің не керек тоқтығы,
Мазамды алады мендік мұң.
Бір ракат намаздай жоқ құны,
Фәнидің бағасын енді ұқтым.
Жексұрын ойларды шектер кім,
Мұндайда ібіліс аяғыш.
Он тоғыз көктемді өткердім,
Қалған күн Аллаға аян іс...
...Дүние жалғансың дүрбелең,
Ақырет таңы рас бір атар.
Ақылы ертерек кірмеген,
Кеш, Раббым, құлыңды күнахар!
Жүрегім күбірлеп дұғаны,
Ей, жаным, сен енді тыншы нық.
Жанарым еріксіз жылады,
Сәждеге бас қойдым...
Құлшылық...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу