Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  114


Автор: Ғали Орманов

АҚЬІНҒА

Зейінді, сырлы өмірдің
Көңілге түссе сəулесі,
Адамға біткен сезімнің
Жаңғырар алуан пернесі.
Қуатың, жаның жылынып,
Жүрекке сұлу тіл бітер,
Ішіңе нұры құйылып,
Бойыңды билеп тебірентер.
Өнерлі қуат ішінен
Жалтылдап ойнап шыққан сөз,
Өзінің жылы күшімен
Шымырлап бойға тарар тез.
Жүректің оты болмаса,
Өлеңнің қанша күші бар? –
Жаңғыртып құлақ жарғанша,
Жүйкеңді босқа шымшылар!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу