Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  55


Автор: Ғали Орманов

ШЫН ШЫРҚАУДА

Тағылар өскен қияда
Таңырқай көрдік поезды.
Тақияң түсер қияға
Қаратты қанша ол бізді.
Сарқырап үні поездар
Биікте шырқау заулайды.
Көзіңді тартып шың-құздар,
Көңілде ойлар қаулайды:
Жетпепті Шабдан шамасы
Жартасты солай кесуге.
Жантайдың патша баласы
Күпінген сонда несіне!
Қолыңа кілтін ұстатқан
Өлкені сол бір сүйесің.
Ақыры солар дəл тапқан
Өзінің нағыз иесін.
Поезд баппен жосылтқан
Кəдімгі таныс жас қырғыз.
Қарасаң қызық сен сырттан:
Үстінде аспан, асты құз!
Тереңде тулап жатыр Шу,
Сабасын қатты сапырып.
Самғайды поезд, шалқып ту,
Өренді өрге шақырып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу