Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  77


Автор: Ғали Орманов

СЕНДЕ

Жел егінді тербейді
Толқындарын өрге айдап.
Одан да өрге сермейді
Көңіліңді сол аймақ.
Жел тербетсе қозғалған
Теңіз егін – жер көркі.
Сен тербетсең, жоқ жалған,
Теңселтесің жер, көкті.
Бəрі саған соғады,
Не ғажаптар көрсең де,
Бар ғажаптың сабағы
Жатса керек тек сенде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу