Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  57


Автор: Ғали Орманов

Түрткілеп, тербеп жанымды

Түрткілеп, тербеп жанымды
Таптырма ойым түк маза.
Бұлақша қайнап кəдімгі
Төгілсін жырым тап-таза.
Көңлімді билеп ағыны,
Көрейін ылғи жағалап.
Судырап жібек шалғыны
Жайқалып тұрсын мені орап.
Күлімдеп сəуле ойнаған,
Қарайын бұлақ көзіне.
Сазымдай əсте тоймаған
Шалынсын үні өзіме.
Сіміріп күнде мөлдірін,
Қанайын дəйім мен одан.
Қалдырмас, бəлкім, көңілін
Қайрыла кетсе кім оған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу