Өлеңдер ✍️

  12.07.2022
  79


Автор: Ғали Орманов

Өлеңім үйлессін деп əнге менің

Өлеңім үйлессін деп əнге менің
Сөзімді құбылдырып əрлемедім.
Жұрт ойын тербетсін деп жаздым оны,
Сол ма екен ағаттығым əлде менің?
Оны сен жазбаған соң əнге əдейі,
Дей ме екен əлденесі дəл кемейді.
Жүректі жылындырар нұры болса,
Өлеңнің əнге сірə бар ма өгейі?
Жасымас, білем, бірақ жырым менің,
Жалықпай шертсе болды сырын елдің.
Болмайды өлең əсте əннен кенде,
Халқыңның сақтай білсе жылы көңілін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу