Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  86


Автор: Ғали Орманов

ӨМІР ЫНТЫҒЫ

Қой, ажал, кідіңдемей, аялдай тұр,
Қыруар, қызығы көп шаруам жатыр.
Əлі де атқармаған міндетім мол,
Тындыртпай асыққаның обал ғой құр!
Тоймайын дүниеге көзім барда,
Төгілген көкіректе сөзім барда.
Денемде əзір қияр ештеңе жоқ,
Түсіріп титтей нұқсан түгімді алма!
Тұрғанда ой орнында, сезім барда,
Керексіз дүниеге кезім бар ма?
Берген соң берерімді тіршілікке,
Жүре бер, мейлің тіпті, өзімді ал да!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу