Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  76


Автор: Ғали Орманов

ӨЛЕҢ ОТЫ

Кезімде кейбір сырқаған
Деуші едім тосын дерт екен.
Кеудемде сонда тұтаған
Өлеңнің өшпес өрті екен.
Осылар ойда қауласа,
Табарсың қалай сен тыныш?
Булыққан жаңбыр жаумаса,
Алар ма балқып жер тыныс?
Көңілден өлең төгілсе,
Көтерер сені бір тың күш.
Сонылар тауып өзіңше,
Сілтейсің жолға не тұңғыш!
Ойыңа өріс кеңейіп,
Қарайсың кенет қырымға;
Жазарың сонша көбейіп,
Тартады желі жырыңа.
Ендеше солар денемді
Иектей берсін, жазылмай.
Көремін ылғи мен оны
Көктетер жерді жазымдай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу