Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  73


Автор: Ғафу Қайырбеков

Айқай, жаздың кезі еді...

Айқай, жаздың кезі еді,
Күнде думан болатын.
Ар жағына өзеннің
Ауыл көшіп қонатын.
Ақ көйлекті балалар
Асау тайдың үстінде,
Қырдан асып жоғалар,
Көкшіл сағым ішіне.
– Пай-пай, шіркін балалық,
Ойна да күл – барын сал! –
Деп қарайтын қадалып
Арттарынан əлгі шал.
Бəрі де оның өзінің
Шөбересі, шөпшегі.
Санап шығу өзі мұң,
Сол сəбилер көп, тегі.
Бала біткен андыздап,
Шалдың үстін басады-ай!
Бейне үлкен қарбызға
Үймелеген масадай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу