Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  74


Автор: Ғафу Қайырбеков

Тірлік деген шалғынды

Тірлік деген шалғынды
Шаба-шаба азайттық.
Ысыраптан əр күнді,
Өкпелестік, наз айттық.
Ойымызды доғарып,
Ойын салдық, желіктік.
Соның бəрі – даналық,
Өмір заңы – деп ұқтық.
Көңіл – еді бір арман,
Көгілдір көзі жаудырап.
Жан жайлауын суарған,
Жапырағы маужырап.
Барады, міне сарғайып,
Мезгілі бітіп, күзге ауып.
Өткен дəурен – ол ғайып,
Сыздайды жүрек сыз қауып
Енді миға кірмейді
Дүние дауы – жанжалы.
Бірте-бірте кірлейді
Жанның таза арманы.
Қалған күнге сол үшін
Болмайды екен күтінбей.
Соңғы жүрек соғысын
Өкінішпен бітірмей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу