Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  92


Автор: Ғафу Қайырбеков

Қарындасым, қырға шық...

Қарындасым, қырға шық,
Бұрымыңа гүл тағып,
Сені күтіп бір ғашық
Екі көзі тұр талып.
Кеудесінде махаббат
Жүрек болып тулаған.
Көңілінде жоқ тағат,
Кірпігің шық сулаған.
Сенсіз онда сезім тұл
Өзің барып қоспасаң,
Ауызында сөзі тұр
Айтылмаған ешқашан.
Енді уақыт созба, сен,
Шақырды, əне, қолымен,
Ақ самалдай қозғал, сен,
Жасыл көктем жолымен.
Ал, кəне, бір тербелсін
Табиғаттың бесігі,
Қыз бен жігіт, сендерсің, –
Тіршіліктің есімі!
Қызып кетіп жүрермін
Мейлің мені шақырма!
Сыйла гүлдің біреуін
Ақ тілеуші ақынға!
Қарындасым, қырға шық,
Бұрымыңа гүл тағып,
Сені күтіп бір ғашық
Екі көзі тұр талып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу