Өлеңдер ✍️

  10.07.2022
  80


Автор: Ғафу Қайырбеков

Байынқол – байтақ өзен басы қатты...

Байынқол – байтақ өзен басы қатты.
Кім білсін қанша ғасыр тасып ақты?!
Баласы Хантəңірінің бұл да өзіндей
Ешкімнен сəлем алмас паң сияқты.
Алайда жомарттығы жұрттан асқан
Жарылқап бергі жақты, қарсы жақты.
Белбеудей көк атлас шұбатылған
Бойына тізіп маржан, асыл затты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу