Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  576


Автор: Ғафу Қайырбеков

ЖУАЛЫ

Бауыржан
Момышұлына
Қарапайым қазақтың,
Бір мекені Жуалы.
– Ұлы едің, деп, қай жақтың? –
Бір қария сұрады.
– Інісі едім Баукеңнің, –
– Онда өзіміз екенсің.
Жаз жайлауға дəл келдің,
Аунап-қунап кетерсің.
Болғанменен бұл жердің,
Аты жəй бір Жуалы.
Сондай-сондай ерлердің,
Талайы əлі туады.
«Қара, шалдың мықтысын!»
Деймін іштей от алып.
Құй түсінбе, құй түсін –
Шалдың сөзі ап-апық.
Мені-дағы сенімен,
Күнде өсіріп жатқан күш.
Осындай бір сенім мен,
Осындай бір мақтаныш!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу