Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  70


Автор: Ғафу Қайырбеков

ЖƏРДЕМГЕ ХАТ

Алыста жүрсің бе аман ер-қанатым,
Өлкеде мұнай іздеп, жер жаратын.
Кісіге бір жəрдемі болмаса да,
Алып жүр талай адам Жəрдем атын.
Бақыт қой бұл дүниеге жақсы туған,
Қашанда сол жақсылар тапшы туған.
Өтерміз тапшылыққа өкпелеумен,
Ер іздеп жас та болса – бас тұтынған.
Сөндірмес тағдыр жаққан отыңды ешкім,
Өйткені отпен күнде сен тілдессің.
Мендегі сағыныштың бір тамшысы,
Бетіңе тамып кетсе – өкінбессің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу