Өлеңдер ✍️

  09.07.2022
  460


Автор: Ғафу Қайырбеков

...Жыл болды майдан кешкелі...

...Жыл болды майдан кешкелі,
Жамали танкист – жас балғын.
Жата ма айтып естелік,
Өтті ғой ғажап бастан күн.
Сұрапыл жаз бен сұмдық күз,
Жан-жағын жалмап жұтқан жыл.
Бір қырғында тұмсықсыз
Танкімен аман шыққан бұл.
Өз танкісі өртеніп,
Жау танкісін мініп ап,
Талайын кетті төңкеріп
Желкесінен шығып ап.
Даланың бейне асауын
Алма-кезек мінгендей,
Ажал емес, той-сауық
Көкпар тартып жүргендей.
Соғысуда да бір шабыт,
Дəуренің жүрген болмақ кез.
Ажалың таяу тұрса аңдып
Окопта да алмақ тез.
Білді ме, соны білмеді,
Қорықпай кіріп жорыққа.
Талай бір сəтке гүрледі
Атағы жетіп полкқа.
Жаңада келген жиырмаға ол,
Жабырқау білмес жас кісі.
Мақтаулы сапта тұрған ол
Жарқырап болат каскасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу