Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  91


Автор: Марфуға Айтқожина

БЕУ, ЖҮРЕГIМ

Есейгенде жабырқағыш баладай,
Сəл нəрсеге көңiл жасып қалады-ай...
Мөлдiр, Нəзiк «апатайлап» отырар,
Жанарлары –
Жаудыраған танадай!
Арман-асқақ, жетем бе деп асықтым,
Жарық дүние,
Саған мен де ғашықпын.
Күздiң күңгiрт күндерiндей күрсiнiп,
Өр еңсемдi отыр неге басып мұң?..
Беу, Тəңiрiм, жабырқатпа, жасытпа,
Жете алмаймын, туған ауылым қашықта.
Мейлi жасып, мейлi тасып жүрейiн
Жыр – Аққуын,
Алуға, ажал, асықпа...
Беу, жүрегiм, тулама сен, дүрлiкпе,
Ол саған жат,
Қасiреттенiп сыр бүкпе.
Өшпесiмдi бiлемiн мен,
Өшпеймiн,
Жер бетiне қойған мен де бiр нүкте!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу