Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  62


Автор: Марфуға Айтқожина

ТӨЛЕБИ КӨШЕСІНДЕГІ КӨГІЛДІР ҮЙ

(Анкарадағы кештен соңғы ой)
Төлеби көшесінде көгілдір үй,
Тұрғандай тең бөлісіп,
Көңіл күйін.
Күн түстес туы биік желбірейді,
Көтеріп көк күмбезін –
Көңілді үн!
Төбеден бір Алланың нұры құйып,
Күмбезде желбіреп тұр,
Туы биік!
Түркінің ұлы ақыны – Физулидің,
Дүние, тыңдағандай,
Жырын ұйып!
Қаңтардың кіршігі жоқ ақ қарында,
Қиялым, алыстарға аттануда.
Оралған оразадан көп ойларды,
Ақының, дайын
Жырмен ақтаруға!
Төрінде бас қостырып Анкараның,
Жиналды, зиялысы, сан-саланың.
Құранның құдірет күшін тыңдағанда,
Жарқырай түседі екен,
Жан сарайың!
Стамбұл, Исламабад, Мысырдан да,
Сол кеште елшілерін – ұшырған ба?!.
Иманға ұю шарт қой мұсылманға,
Күшіңді, Алла!
Құранға ұйып, қолын жайғанда əркім,
Толқыдым,
Тебірендім,
Қайран қалдым...
Меккеден келген қари сол кештегі,
Елшісі секілденді Пайғамбардың!..
Төлеби көшесінде көгілдір үй,
Тұрғандай тең бөлісіп –
Күн түстес,
Көтеріп күмбезіңді сенің нұрлы үн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу