Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  86


Автор: Марфуға Айтқожина

АБАЙ КҮНІ

Атап жатыр күніңді ауыл бүгін,
Бастан талай өткерген дауылды күн.
Аруағың бір аунап жатқан болар,
Ақындардың есітіп –
Жалынды үнін!
Атап жатыр күніңді ауыл бүгін,
Ғасырларға саз болып,
Қалың мұңың...
Тебіренумен өтіпсіз, бұл өмірден,
Ақындықтың арқалап,
Ауыр жүгін.
Атап жатыр күніңді ауыл бүгін,
Кең даламның тербетіп,
Қалың гүлін,
Қасыңызда бір сергіп қалайық біз,
Ақындардың –
Алматы, сағынды үнін!
Серпілейік қасыңда осылай бір,
Көптен бері жабықтық,
Оқымай жыр...
Осы күнді, қалың жұрт жырға құмар,
Жүруші еді бүкіл ел,
Тосып ай-жыл!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу