Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  86


Автор: Марфуға Айтқожина

ШƏКƏРІМ-ҚАЖЫ

Қазақтың сіздей болар, асылдары,
Халықтың мерейі ғой асырғаның.
Тастады тас құдыққа, қалай қиып,
Жоқ əлі,
Құлпытас та басындағы...
Дос тұрғай, бағалаған жаты бұны,
Қазақтың Сіздей болар,
Ақын ұлы!..
Түбінде тас құдықтың күңіренген,
Шарықтап, шалғайларды жатыр үнің!
Айналған күзгі қырау, жаз лебіне,
Қазақтың Сіздей болар,
Сазгері де!
Халқымның аяулысын,
Зар заман-ай!
Өз елі сыйғызбаған, өз жеріне...
Мен емес, жүрген асқақ атақ іздеп,
Тұңғиық ой түбіне батамын көп.
Шыңғыстың туып биік шындарында,
Ойлап па ең,
Шыңырауда жатамын деп?!
Ғұлама, аудармашы, Шəкəрім деп,
Жайылған – Шығыс, Батыс, атағың көп.
Түбінде тас шыңыраудың ойладың ба,
Тебірентіп,
Түркі елін жатамын деп?!
Ақынға қандай бақыт, ойлау мəңгі,
Тірілттің,
Гете менен Байрондарды...
Ешбір шек болмайды екен зұлымдықта,
Қырық жыл,
Семейің де ойрандалды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу