Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  110


Автор: Марфуға Айтқожина

ҚҰНАНБАЙ ƏУЛЕТТЕРІ

Жатса да қанша шалқып дəулеттері,
Осы өлке,
Өнерімен сəулетті еді!
Сай келіп сəулетіне парасаты,
Құнанбай!
Дүрілдеткен əулеттері...
Кетпейтін шындық қой бұл, ел есінен,
Пушкин,
Байрон,
Гетемен теңесіп ең!
Қаратқан елді аузына сол бір əулет,
Жарасқан ақылды Ана, Зересімен.
Асырып ақылын да жатқа күшін,
Қондырған бақыт дейтін –
Басқа құсын...
Құнанбай, аға Сұлтан, көз іліпті,
Баурына басып туған –
Ақшоқысын!
Қызық та,
Бастан кешкен қайғың да анық,
Өмірден өткен жоқсыз,
Жай мұңданып.
Көз жұмған кезінде де тірісіндей,
Əулетің, бас қосыпты,
Айбынданып!..
Құлазыған Жидебай даласында,
Орнапты, ақ күмбездер,
Сəн асыра!
Толғанып қарап жатыр,
Ақшоқыдан,
Əлемге ой асырған баласына!..
Жатқан Əке, балаға жарасып бір,
Жетем деп тау шыңдары,
Таласып тұр.
Көз алмай қарай бердім күмбездерден,
Кеткендей,
Нұрға толып қарашық бұл...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу